Шілде айында Қазақстанның 10 өңірінде құрғақшылық болады деп болжануда
Маусымның соңғы онкүндігінде Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады. Елдің батысында ауа температурасы +18 +25 градус болады. Солтүстікте температура +33+38 дейін көтеріледі деп күтілуде. Орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +36 +43 градусқа дейін. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазгидромет бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров мәлімдеді.
Шілдеде, болжам бойынша, найзағаймен қысқа мерзімді жаңбыр, қатты жел елдің көп бөлігінде бір ай ішінде жиі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей күндері батыс және оңтүстік облыстарда найзағай күтіледі. Бір ай бойы ыстық ауа райы салқын ауа райына ауыстырылады.
«Негізгі температуралық фон батыста және оңтүстік аймақтарда жоғары болады деп болжануда: +30+38, кейбір күндері термометрлердің бағандары 40-45 градусқа жетеді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында температура +25 +38 градус шегінде болжанады. Жалпы, 2024 жылдың шілдесінде Қазақстан аумағында ылғалдану көпжылдық мәндерге жақын болады деп күтілуде, алайда атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі төнген аумақтардың ауданы ұлғаюда», - деп атап өтті Серік Саиров.
Сонымен бірге синоптиктер атмосфералық құрғақшылықты болжайды:
- Қостанай облысында (Амангелді және Жангелді аудандарында)
- Ақтөбе облысында (Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында)
- Қарағанды облысында (Шет ауданында)
- Ұлытау облысында (Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында)
- Алматы облысында (Балқаш және Жамбыл аудандарында)
- Жамбыл облысында (Мойынқұм, Жуалы және Рысқұлов аудандарында)
- Түркістан облысында (Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында)
- Қызылорда облысында (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында)
- Маңғыстау облысында (Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында)
- Атырау облысының басым аумағында.
«Шілде айында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногорск қаласында орташа ылғалды болады деп күтілуде. Елдің қалған аумағында ылғалдандыру осы ай үшін қалыптыға жақын болады деп күтілуде», - деді Серік Саиров.
Консультативтік болжамға сәйкес, тамыз айында Қазақстанның басым бөлігінде бір айдағы орташа ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде. Нормадан 1° жоғары – елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында. Тамыз айында жауын-шашын мөлшері аумақтың басым бөлігінде нормаға жуық, республиканың солтүстік-батыс бөлігінде нормадан көп, орталықта, елдің оңтүстігінде, оңтүстік – шығысында және Абай облысының батысында нормадан аз болады деп болжанады.