12 августа 2024
Қазақстан
Бәйтерек Солтүстік Қазақстанда 46 мың гектар жерді сатады
«Бәйтерек» ҰБХ тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалпы ауданы 46,2 мың га жер телімдерін аукционға шығарды. Жер Солтүстік Қазақстан облысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында орналасқан.
Электрондық аукциондар 16 және 20 тамызда мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді - e-auction.gosreestr.kz. Сауда-саттыққа көлемі 2 156 гектардан 8 806 гектарға дейінгі 10 лот қойылды, олар сауда-саттық қорытындысы бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен аграрийлерге берілетін болады. Лоттардың бастапқы бағасы 12,6 млн-нан 413,4 млн теңгеге дейін ауытқиды.
Барлық лоттарды осында көруге болады.