ҚТЖ басшылығы Қостанай станциясының бастығын жұмыстан шығарды
ҚТЖ компаниясының басшылығы 13 тамызда Қостанай темір жол бөлімшесіне барды. Сапардың қорытындысы Қостанай станциясының бастығы және вокзал шаруашылығы бойынша Қостанай магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары лауазымдарынан босату болды, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«ҚТЖ басшылығы шаруашылықтарды тиісінше ұстамауды, вокзал мен оған іргелес аумақтың қанағаттанарлықсыз жай-күйін атап өтті. Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры, Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеті қойылды», - деп хабарлады ҚТЖ.
Қостанай облысы темір жол көлігімен астық тасымалдау бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. ҚТЖ деректері бойынша, жеті айда облыс желісі бойынша жалпы тиеу 15,4 млн тоннадан асты. Ел ішінде тасымалдау 9%-ға, 8 млн тоннаға дейін өсті, экспортқа 7,3 млн тонна жөнелтілді. Оның ішінде 1,6 млн тоннадан астам астық тиелді, экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілді.
Астықты жедел жеткізу үшін арнайы маршруттық пойыздар құрылады. Қаңтар – шілде айларында контейнерлік пойыздардың 250 ұйымдастырылған бағыттары құрылды, бұл жүктерді жеткізу уақытын қысқартуға және вагондардың айналымын арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша өңір әкімдігі өкілдерінің және ірі жүк жөнелтушілердің қатысуымен жүк тасымалдауды ұйымдастыру сапасын арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар әзірленді.