Қазақстанда жаңбыр мен қатқақ күтілуде
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, оңтүстік өңірлерде найзағай болады. Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері хабарлады.
7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі.
«7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда топырақ бетінде 3 градусқа дейін қатқақ болады», - деп хабарлады синоптиктер.