ҚазАзот 2020 жылы аграршыларға 154 мың тонна аммиак селитрасын сатты
2020 жылы қазақстандық еңбеккерлер өнімдеріне тыңайтқыштарды енгізуді біршама ұлғайтты, олардың көп мөлшері отандық зауыттардан, оның ішінде ҚазАзот пен Қазфосфаттан сатып алынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта аграршылар 493 мың тонна тыңайтқыш сатып алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% - ға артық (470 мың тонна). Сонымен қатар, әліде жалғасып жатқанын және белгілі бір мөлшерде күзгі жер жыртуға енгізілетінін атап өткен жөн», - деді АШМ басшысы.
Оның мәліметінше, аграршылар сатып алған тыңайтқыштардың 292 мың тоннасын немесе 60% - ын отандық тыңайтқыштар құрайды. Оның ішінде АҚ «КазАзот» 154 мың тонна аммиак селитрасы және «Қазфосфат» ЖШС-дан 65 мың тонна аммофос сатып алынды. Тағы 201 мың тонна тыңайтқыш – импорт ретінде сатып алынды.
Айта кету керек, ағымдағы жылы тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялауға 26,1 млрд теңге бөлінді, бұл шамамен 522 мың тонна минералды тыңайтқыштарды немесе ғылыми негізделген норманың 20%-ын сатып алуды субсидиялауға мүмкіндік береді.
АШМ мәліметінше, соңғы 5 жылда тыңайтқыштарды енгізу деңгейі екі есе өсті: ғылыми қажеттіліктен 10,1% - дан 22% - ға дейін артты.
«Тыңайтқыштарды қолдану ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігіне тікелей әсер ететінін ескере отырып, облыс әкімдерінен минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін ұлғайту бойынша жұмысты күшейтуді сұраймыз», - деді Сапархан Омаров.
Сонымен қатар, ол зиянкестер мен ауруларға қарсы дақылдарды химиялық өңдеу бойынша уақтылы шаралар қабылданғанын хабарлады. Үйірлі зиянкестердің таралу ошақтарын уақтылы болдырмау үшін және әлемде таралған шегіртке шабуылдарының оқшаулауға мүмкіндік берді. Биологиялық тиімділігі 80-92% құрады. Бұл ретте соңғы жылдары аса қауіпті зиянкестер бойынша өңдеу алаңының 2,3 есе, дәнді дақылдар аурулары бойынша 1,8 есе төмендеуі байқалады.
Ағымдағы жылы ҚР-да пестицидтерді субсидиялауға 37 млрд теңге қарастырылған, бұл 2019 жылға қарағанда 9,6 млрд теңгеге артық. Бүгінгі күні шамамен 17 млн га немесе жалпы егіс алаңының 75% өңделді.