20 ноября 2024 Қазақстан

Қытайлық компания Қазақстанда азық-түлік өндірісін іске қосады

Qingdao Wanlin Food Co., Ltd қытайлық компаниясы Қазақстанда азық-түлік өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Kazakh Invest баспасөз қызметі.

Wanlin негізін қалаушы Ли Янтао Kazakh Invest басқарма төрағасы Ержан Елекеевпен кездесуде компания Қазақстанды өз бизнесін кеңейту үшін әлеуетті нарық ретінде қарастыратынын айтты. Одан әрі өндіріс үшін шикізаттың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен әріптестік мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Компания осы елдердегі жоғары сұранысты қанағаттандыра отырып, өндірілген өнімді Қытай, АҚШ және Еуропа нарықтарына жеткізуді жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру нәтижесінде жергілікті тұрғындар үшін 300-ге жуық жұмыс орны құрылады.

Kazakh Invest ақпараты бойынша, Wanlin қатысуымен төрт өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылды және қазір жиналған егінге талдау жүргізілуде. Нәтижелерге сүйене отырып, зауыт салу үшін орын таңдалады. Жобаның бірінші кезеңіндегі инвестиция көлемі шамамен 30 млн долларды құрайды.

Wanlin тамақ өнімдерін, атап айтқанда сусыздандырылған көкөністерді өндіруге маманданған. Компанияның екі ірі зауыты және екі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталығы, сондай-ақ ауданы 100 мың га көкөністерді өсіруге арналған базасы бар. Компанияның негізгі қорларының көлемі 500 млн юаньнан асады, ал қызметкерлер саны 1000-нан асады. Wanlin өнімдері АҚШ, Еуропа, Қытай және басқа да халықаралық нарықтарға жеткізіледі. Экспорттың жыл сайынғы көлемі 10 мың тоннадан асады.