06 декабря 2024 Қазақстан

Қазақстан бір-екі жылда тауық етін экспорттаушы елге айналады – Жұманғарин

Бірнеше жыл ішінде Қазақстан құс етінің импортына тәуелділіктен арылып, оның экспорттаушысы болуға ниетті. Ол үшін республикада құс фабрикаларын салу бойынша 30-дан астам жоба іске асырылуда. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында вице-премьер Серік Жүманғарин мәлімдеді.

«31 құс фабрикасы салынуда, үлкен жобалар бар. Бұл Алматы облысындағы Aitas, бірінші кезек - 120 мың тонна, екінші кезек - 120 мың тонна. Прима Құс - үшінші кезегі салынуда. Жамбыл облысында жобалар бар - Алель Агро. Бір сөзбен айтқанда, бір-екі жылдан кейін біз өзімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, тауық етінің сенімді экспорттаушысы боламыз деп ойлаймыз», - деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта импортқа тәуелділік бірқатар тауарлар бойынша сақталады, мысалы: құс еті (73%), шұжық өнімдері (60%), балық (54%), ірімшік және сүзбе (57%), қант (42%).

Вице-премьер алдағы жылдары шұжық өнімдерінің импортына тәуелділікті төмендету және 2027-2028 жылдарға қарай өзін-өзі толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнім экспортына шығу жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Егер бізде шұжық жасалса, көптеген жобалар бар, бұл өте қымбат, бірақ өте сапалы. Шұжық үшін, көршілеріміз басқа ет алады делік... Бұл Оңтүстік Америкадан, Бразилиядан, Австралиядан келетін арзан ет, бұл сүт фермаларындағы жарамсыз мал», - деп түсіндірді Жұманғарин.

Ол қазіргі уақытта шұжық өнімдерінде қосымша өсім беретін бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары балық бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне шамамен 70-80% шығу жоспарланғанын хабарлады.

«Біз қазір барлық жобаларды қолдаймыз, бірақ балыққа қатысты жағдай өте оғаш. Бізде белгілі бір тапшылық болғанына қарамастан, балық өнімдері үлкен сұранысқа ие емес, өкінішке орай… Біз қазір жобалардың бірін қарастырып жатырмыз. Оның ішінде үлкен жоба қазір Құрық қаласында жүзеге асырылуда. Құрықпен жұмыс істейтін компания қызыл балық өндірісі бойынша үлкен жобаны дамытатын болады», - деді Жұманғарин.