Қазақстанда тұз басқан топырақ картасы жасалады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) және Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) «Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылық пен тұздануға ұшыраған аумақтарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару» жобасы жұмысы бойынша, Орталық Азияда бір айдың аралығында тұзданған Топырақ картасын жасау және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру үшін инновациялық тәсілдер мен биотехнологияларды қолдану бойынша интерактивті тренингтер жүргізілуде. Бұл туралы ФАО өкілдігінде хабарлады.
ФАО атап өткендей, Орталық Азия халқының 60% - ға жуығы азық-түлік пен табыс көзі ретінде ауыл шаруашылығымен айналысады. Бұл ретте өңірдегі суармалы жерлердің 40 % -дан 60% - ға дейін сортаңданған немесе батпақты болып табылады. Ең көп зардап шеккен топырақ Түркіменстанда (жалпы ауданның 68%), Өзбекстанда (51%), Қазақстанда (20%) және Түркияда (30%).
Шамамен алынған бағалаулар бойынша, Қазақстанда сортаңданған топырақ көлемі 110 млн гектардан астам немесе еліміздің барлық аумағының 41% - ын құрайды. Арал теңізінің құрғауы салдарынан зардап шеккен Қызылорда облысының өзінде 73 мың гектардан астам суармалы жер тұздануға бейім.
Орталық Азиядағы суармалы жерлердің көпшілігін жақсартуды талап етеді, ал агроөндірістің заманауи тәсілдерін қолдану және қараусыз қалған аумақтарды игеру қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
«Топырақты тиімді пайдалану үшін толықтай ақпарат болуы керек», - деп атап өтті тренингтердің бірінде топырақ туралы ақпарат бойынша халықаралық кеңесші Константин Вяткин.
Тренингтерді және табысты тәжірибені насихаттауға арналған вебинарларға астаналық ғылыми-зерттеу институттары мен жеке орталықтардан, министрліктерден және ведомстволық мекемелерден жобаның серіктестерін ғана емес, сондай-ақ өңірдің барлық жеріндегі жаңа технологияларға мүдделі серіктестер де қатысты.
«Осы интерактивті семинарлар кезінде топырақтанушы – мамандар топырақтың әртүрлі қасиеттерін, атап айтқанда тұздануды модельдеу мен картографиялаудың заманауи әдістерін игереді, ал іс жүзінде Орталық Азияның тұзды топырақтарының құнарлылығын қалпына келтіру процесінде табысты тәжірибені пайдалану үшін серпін алды», - деді ИСАЦАУЗР2 жобасының өңірлік үйлестірушісі Махмуд Шаумаров.