21 декабря 2024 Қазақстан

Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқарады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бұрын атқарған қызметінен босатылғаны атап өтілді.

Бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ҚР ұлттық экономика министрі қызметінен босатылған болатын.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындау үшін Серік Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған болатын. Бұл қызметте ол Қазақстанның АӨК-пен айналысқан.