Қазақстанда ауылдарда микрокредит беру қағидалары бекітілді
Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда Микрокредит және лизинг қағидаларын бекітті. Жаңа қағидалар кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кооперациясын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға жәрдемдесуге бағытталған, деп ҰЭМ баспасөз қызметі хабарлады.
Құжат ауылдық жерлерде және шағын қалаларда жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар үшін микрокредиттер мен лизинг берудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Қаржыландыру келесі шарттармен жүргізілетін болады:
- микрокредиттер 7 жылға дейін, ауыл шаруашылығы емес жобалар үшін — 5 жылға дейін беріледі;
- сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%-дан аспайды;
- максималды сома — 2500 АЕК-ке дейін, қайта өңдеу жобалары үшін — 8000 АЕК-ке дейін.
Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке алу шарттары ұқсас — 7 жылға дейінгі мерзімге.
«Жобаларды қарау кезінде ауылдық округтер деңгейінде алдын ала скрининг шеңберінде іріктелген бастамаларға, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға, өнімді қайта өңдеу мен кооперацияны дамытуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылатын болады», - деп ҰЭМ хабарлады.
Ведомство Ережелерді қабылдау «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша дәйекті қадамдардың бірі болып табылатынын атап өтті.