12:13 Мал шаруашылығы

Қазақстанда мал шаруашылығын 6%-бен несиелендіру басталды

Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесімен мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдікті несиелеудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржыландыру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • жеңілдікті мөлшерлеме – жылдық 6%;
  • мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, несиелеудің икемді мерзімдері;
  • Аграрлық несие корпорациясының филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру алу мүмкіндігі.

Кредиттік қаражат ауыл шаруашылығы жануарларының басын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталатын болады.

Жеңілдетілген несиелендіруді іске қосу аграршыларды мемлекеттік қолдаудың маңызды құралы болады және Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді деп күтілуде.