23 декабря 2024 Қазақстан

Қостанай облысында ірімшік өндірісі үш есеге ұлғаяды

Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрін өндіру кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында аймақ әкімі Кұмар Ақсақалов мәлімдеді.

«Табиғи өнім өндірісі облыс бойынша ірімшік өндіру көлемінің үш есеге жуық өсуін қамтамасыз етеді. Осылайша, біз жергілікті халықтың ірімшікке деген қажеттілігін жабамыз», - деді аймақ басшысы.

Ол сүт және сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін алғашқы алты заманауи жоғары технологиялық сүт-тауар фермаларының құрылысы басталғанын атап өтті.

«Оларды іске қосы ұйымдасқан шаруашылықтарда өнім өндіруді 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді және сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 86%-ға дейін қамтамасыз етеді. Облыста мемлекет басшысының үш жыл ішінде АӨК-тегі өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырмасы жоспарлы түрде орындалады. Алдағы уақытта өңірде өсірілетін және өндірілетін барлық өнім түпкілікті өнімге дейін өңделіп, оның құнын арттырады», - деді әкім.

Оның айтуынша, «Аруана-2010» ЖШС диірмен кешені пайдалануға берілді. «Кондитерлік Астана» фабрикасының құрылысы басталды.

«Облыста өсірілген дақылдарды өңдеудің толық циклін ұйымдастыруға қабілетті жаңа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жалғасуда. «АС Agro» ЖШС ірі түрік холдингін тарта отырып, толық циклді бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытын салу жоспарланған. Бидайды терең өңдеу зауытын салу жобасы маңызды болып табылады. Зауыт глютен, крахмал, биоэтанол және лизин сияқты бірегей өнімдерді шығарады. Инвесторға жер телімі берілді, инжинирингтік іс-шаралар жүріп жатыр», - деді Ақсақалов.

Әкім жыл басынан бері Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 700 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Ағымдағы жылы өңірге рекордтық 175 млрд теңге бағытталды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 65%-ға артық.