17:20 Қазақстан

Қазақстан күріш экспортын 25%-ға арттырды

Қазақстан 2026 жылғы қаңтар–шілде айларында күріш экспортын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға арттырды. Жеткізу көлемі 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға дейін өсті, деп Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бұл ретте экспорт құны 24,7 млн доллар деңгейінде сақталды. Күріштің негізгі экспорттық бағыттары Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан болды.

Экспорттың өсуі күріш өндірісінің артуымен қатар жүріп отыр. 2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға көп. Бір жыл бұрын өндіріс көлемі 122,3 мың тоннаны құраған.

Ішкі нарықта 2026 жылғы қаңтар–шілде айларында 70,5 мың тонна күріш өткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артық.

Сонымен қатар Қазақстан күріш импортын қысқартты. Жеті айда импорт көлемі 70,7%-ға – 16,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға дейін төмендеді. Импорт құны 9 млн доллардан 3,3 млн долларға дейін азайды.

Осылайша, 2026 жылғы қаңтар–шілде айларында күріш экспорты импорт көлемінен 18 есе жоғары болды. Қазақстанға күріш жеткізген негізгі елдер – Үндістан, Ресей, Пәкістан, Тайланд және Өзбекстан.