Қарағанды облысында жауапсыз жер пайдаланушылардан 24 мың га ауыл шаруашылығы жерлері тәркіленді
Жер телімдері мәжбүрлеп алып қойылған жеке және заңды тұлғалардың тізілімі бойынша Қарағанды облысында жалпы ауданы 23 995,4 га ауыл шаруашылығын жүргізу үшін алты учаске мемлекетке қайтарылды.
Ең үлкен жер телімі - 13 230 га - Ұлытау ауданында (Амангелді ауылдық округі) Ерлан Сыздықовтан алынды. Бұл жерлер бұрын кәсіпкерге шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген болатын.
Қарқаралы ауданында (Ынталы ауылдық округі) «Номад» ЖШС-дан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге бөлінген 4670,6 га жер тәркіленді.
Айнагүл Мұқашевадан сот шешімімен Ұлытау ауылдық округіндегі 4570 га жер мемлекетке кері қайтарылды.
Тағы үш жауапсыз жер пайдаланушыдан Жезқазған, Осакаров және Нұра аудандарында орналасқан 120 га, 587,8 га және 817 га жер учаскелері тәркіленді.
Жерді қайтарып алу туралы шешім 2018 жылы күшіне енді.
Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы кері қайтарылған жерлер туралы толық ақпаратпен мына сілтемені басып танысуға болады.
Жер кодексіне (92 және 94-баптар) сәйкес, егер жер екі жыл бойы пайдаланылмаса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер алып қойылады. Сонымен қатар, АШМ заңнамаға түзетулер дайындады, оған сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бір жыл көлемінде пайдаланылмаса, үкіметке кері қайтарылады.