Серік Жұманғарин «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің құрамына кірді
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің жалғыз акционерінің шешімімен холдингтің директорлар кеңесінің (ДК) құрамына вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кірді. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Байбазаров «Бәйтерек» ДК құрамынан шығарылды, деп хабарлайды KASE сайты.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, холдингтің директорлар кеңесіне енді 10 адам кіреді: ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов, ҚР президентінің кеңесшісі Ерұлан Жамаубаев, бірінші вице-премьер Роман Скляр, Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Такиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Бәйтерек холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, Дэниел Алан Витт, Мари-Элен Берар және Норберт Манфред Грундке.
Естеріңізге сала кетейік, «Байтерек» холдингі Қазақстанның ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыруды еншілес кәсіпорындар - Аграрлық несие корпорациясы және ҚазАгроҚаржы арқылы жүзеге асырады. Желтоқсан айының соңында «Бәйтерек» KASE-де «Кең дала 2» бағдарламасы шеңберінде 2025 жылғы далалық жұмыстарды қаржыландыру үшін жалпы көлемі 100 млрд теңгені құрайтын ESG дебюттік «әлеуметтік» облигацияларын орналастырды. Ағымдағы жылы егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіруге және ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингіне барлығы 700 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда.