Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 10,9% -ға қымбаттады.
Қазақстанда бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы (2020 жылдың тамызынан 2019 жылдың тамызына дейін) 10,9% -ға өсті. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Нан-тоқаш өнімдері мен жарма, ет, балық және балық өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, кондитерлік өнімдер, жаңа піскен жемістер мен көкөністер, картоп, алкогольсіз ішімдіктер мен алкогольдік сусындар қымбаттады, ал қант арзандады», - деп хабарлады департамент.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жылқы етінің орташа бағасы 2020 жылдың тамызында килограммына 2210 теңгені құрады (2019 жылдың тамызында - 1 933 теңге), сүйекті қозы еті - 1940 теңге (1 648 теңге), сиыр еті-көкірек еті - 1909 теңге ( 1 713 теңге), шошқа еті - 1 567 теңге (1 416 теңге), тауық еті - 821 теңге (812 теңге).
Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылдың тамызында килограммына 211 теңге, 2019 жылдың тамызында 233 теңгені құрады.
Көкөніс өнімдерінен сәбіздің орташа бағасы 2020 жылдың тамызында килограммына 122 теңгені құрады (2019 жылдың тамызында - 147 теңге), картоп - 117 теңге (111 теңге), пияз - 92 теңге (129 теңге), ақ қырыққабат - 88 теңге (100 теңге) болды.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша бірінші сұрыпты бидайдан жасалған нан бір жыл ішінде 140-тан 152 теңгеге дейін қымбаттаған. Бүгінгі күні нанның ең төменгі бағасы Алматыда тіркелді,ол - 132 теңге, ең жоғары баға Түркістанда - 182 теңге. Қарақұмық бір жыл ішінде 241-ден 403 теңгеге дейін өсті. Қарағандыда құны - 302 теңге, ал Атырауда - 528 теңге.
Ірімшік бағасы 1 551 теңгеден 1 647 теңгеге дейін өсті (бүгінде Петропавлда құны - 1206 теңге, Атырауда - 2 242 теңге. Қаймақ 1065 теңгеден 1149 теңгеге дейін көтерілді (Талдықорғанда килограмы 833 теңге, Атырауда 1451 теңге); пастерленген сүт - 243-тен 264-ке дейін (203 тг - Талдықорғанда, 298 тг - Нұр-Сұлтанда);ірімшік - 2685 тен 3009 тг дейін (Таразда 2351 тг, Нұр-Сұлтанда 3809 тг); май - 2220 ден 2612 тг. (Павлодарда 2150 теңге, Ақтауда 4201 теңге); алма - 378-ден 536 теңгеге дейін (Атырауда 378 теңге, Ақтауда 693 теңге) артты.
Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай Қазақстанда инфляция 2020 жылғы қаңтар-тамызда 4,6% құрады. Сегіз айда азық-түлік тауарларының бағасы 7,3%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 3,4%, ақылы қызметтер - 2%-ға өсті.
Жыл басынан бері дәнді дақылдар 21,5%, картоп - 21%, жемістер - 18,4%, қой еті - 12,9%, ұнтақталған қант - 12,3%, ұн – 12, 1% қымбаттады, макарон өнімдері - 10,7%, май - 9,9%, ірімшік - 9,3%, жылқы еті - 9,1%, сиыр еті - 8,1%, шай - 7,8%, мұздатылған балық - 7,3%, шұжық, шошқа еті - 6,6%, нан-тоқаш өнімдері - 5,8%, пастерленген сүт - 5,2%, нан - 4,5%, сүзбе - 3,4%. Жұмыртқа бағасы 6,1% төмендеді, жаңа піскен көкөністер - 4,6%, тары - 2,4%, күріш - 2% -ға арзандады.