Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасын дайындау үшін жұмыс тобын құрды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022-2026 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың жаңа ұлттық жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құрды, оған қоғамдағы сала қауымдастықтары мен одақтардың басшылары, Ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар, «Атамекен» ҰКП, бизнес және агрономия өкілдері кірді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
«Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қуатын жүктемесін арттыру үшін кооперацияның тік және көлденең тізбектері арқылы жеке қосалқы шаруашылықтар мен шағын фермерлердің әлеуетін тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктерімен байланыстыруға мүмкіндік беретін негізгі кооперацияны дамыту жөніндегі шаралар қарастырылып, дайындалатын болады», - деді АШМ басшысы.
Министрдің айтуы бойынша, Кооперативтерді дамыту үшін экономикалық жағдайлар жасалған, атап айтқанда, субсидиялаудың жоғары нормативтері мен жеңілдетілген салық режимдері қарастырылған.
«Мысалы, биыл тамыз айында субсидия беру ережелеріне түзетулер енгізілді, онда ауыл шаруашылық кооперативтеріне жабдықтар мен машиналар құнының 50% мөлшерінде инвестициялық субсидия төлеу, сондай-ақ кооперативтердің өндіретін сүт пен етіне субсидиялар қарастырылды. Салық заңнамасы бойынша кооперативтерге 70% жеңілдік қарастырады», - деді С.Омаров.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта кооперативтерді қолдау мақсатында қосымша шаралар енгізу мәселесі талқылануда. Нәтижесінде ірі инвестициялық жобалардың негізінде ауыл шаруашылық шикізатын өндіру мен қайта өңдеу бойынша экожүйелер құрылады деп жоспарлануда.
С.Омаровтың хабарлауынша, Президент жолдауында айтылған АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы жасалатын болады. Онда келесідей негізгі міндеттерді атап айтылды: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын көбейту, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, АӨК өнімдерінің экспортын 2 есе ұлғайту керек.