06 февраля 2025 Қазақстан

Поти портындағы қазақстандық терминал 2025 жылы іске қосылады

2023 жылы Грузияның Поти портында қазақстандық инвестордың қатысуымен терминал құрылысы басталды. Жобаның аяқталуы биылғы жылға жоспарланған, деп ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев атап өткендей, Поти портында қазақстандық терминалдың құрылысы елдер арасындағы көлік байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болды.

«Қазақстанның жеке бизнесі 30 млн доллар инвестициялаған қуаттылығы жылына 120 мың контейнерді құрайтын терминалды 2025 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарланған», - деді министр.

Үкіметтің ақпараты бойынша, 2024 жылы Қазақстаннан Грузияға теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі 4,7 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 32%-ға артық. Автокөлік тасымалы да 17%-ға өсіп, 42 мың тоннаға жетті.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2024 жылы Қазақстан Грузияға ауыл шаруашылығы өнімдерін 71 млн долларға экспорттағанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық екенін айтты. Бидай, ұн және кондитерлік өнімдер жеткізілуде. Сиыр етін жеткізу де жоспарлануда.

«21 қаңтарда малдың салқындатылған және жас етін, сондай-ақ тірі малды жеткізуге ветеринариялық сертификат бекітілді. Осы бағытта жұмыс істеп, жеткізілімдерді көбейтеміз», - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Жақын арада Ауыл шаруашылығы министрлігі Грузияға сапармен ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп, бірлескен жобаларды одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.