AITAS инвесторлардан акцияларды кері сатып алуды аяқтады
12 ақпанда AITAS холдингі BAITEREK VENTURE FUND пен бас серіктес BV Management ұсынған AOM Rail B.V. миноритарлық акционерлерінен акцияларды кері сатып алу мәмілесін аяқтады. Сатып алынған акциялардың жалпы көлемі 18,9 млрд теңге сомасына 14,34% құрады. Опциондық келісімдерге 2019 жылы бес жыл мерзімге қол қойылды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында холдингтің негізін қалаушы Серік Толықпаев мәлімдеді.
«Бұл ынтымақтастық серіктестермен сәтті қарым-қатынастың мысалы болып табылады. Ынтымақтастық кезеңінде еліміздің аграрлық секторына барлығы 320 млн доллар инвестиция салынды, менің ойымша, сандар бәрін өздері айтып тұр», – деді Серік Толықпаев.
Ол инвесторлармен стратегиялық әріптестік AITAS холдингінің өндірістік қуатын ұлғайтуға мүмкіндік бергенін, бұл құс етінің импортын елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта отырып, өз өндірісінің өнімімен алмастыруға ықпал еткенін атап өтті.
Соңғы бес жыл ішінде құс етін өндірудің жалпы қуаттылығы бес есеге ұлғайды – жылына 30 мың тоннадан 150 мың тоннаға дейін, инкубациялық жұмыртқа өндірісі жылына 15 млн данадан 85 млн данаға дейін өсті.
Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасы - «Макинск құс фабрикасы» ЖШС пайдалануға берілді. Оның жұмыс істеп тұрған қуаты сою салмағында 90 мың тоннаға дейін жеткізілді.
Бұдан басқа, Өскемен құс фабрикасын кеңейту және жаңғырту жүргізілді, қуаттылығы жылына 30 мың тоннадан 60 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ «Nauryz Agro ltd» ЖШС - Алматы асыл тұқымды құс өсіру репродукторы (ААТҚӨР) сатып алынды және кеңейтілді. Жұмыс істеп тұрған қуаты – жылына 85 млн дана инкубациялық жұмыртқа.
2024 жылы AITAS холдингінің елдегі құс етін тұтынудың жалпы көлеміндегі үлесі 26%, ал жергілікті өндірісте – 39% құрады.
AITAS – Қазақстандағы ең ірі агроөнеркәсіптік холдинг, оның құрамына 20-дан астам компания кіреді: «Кус&Вкус» бренді бар Өскемен және Макинск құс фабрикалары; Nauryz Agro ltd құс фабрикасы – Алматы асыл тұқымды құс өсіру репродукторы; Айтас-МП - «AMP» ет, деликатес, шұжық өнімдерін өндіру; Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бірнеше өсімдік шаруашылығын басқаратын Aitas Agro бизнес-бағыты және Aitas Foundation корпоративтік қоры.