09:15 Қазақстан

Солтүстік Қазақстанда органикалық тыңайтқыштар өндірісі іске қосылады

Шетелдік инвесторлар Солтүстік Қазақстан облысында органикалық тыңайтқыштар өндіретін бірнеше зауыт салуға ниетті. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ресейлік «УА» компаниясының басқарушы директоры Елена Филипповамен және «ГринДар» директоры Евгений Усаченкомен кездесуден кейін мәлімдеді.

"Мемлекет тарапынан осы жобаны табысты іске асыру үшін шетелдік инвесторларға қажетті көмек көрсетілетін болады. Біз жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде - идеядан бастап жобалық қуатқа шығуға дейін барлық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз", - деді өңір басшысы.

Ол облыс жыл сайын топырақтың құнарлылығын жақсарту және өнімділікті арттыру үшін минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін белсенді түрде көбейтетінін атап өтті. Биыл ғана 333 мың тонна тыңайтқыш енгізіледі. Жаңа кәсіпорынның құрылысы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға маңызды үлес болады.