Қазақстанда жер учаскелері бірыңғай электрондық кадастрға енгізіледі
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.
Жер кодексіне жаңа ұғым - жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (АЖ) енгізілді. Бұл АЖ мемлекеттік жер және құқықтық кадастрларды жүргізуге арналған. Оған жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамалары енгізіледі, оның ішінде олардың шекаралары, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер және басқа да мәліметтер кіреді.
АШМ хабарламаларына сәйкес, ақпараттық жүйеге «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация жобасы дайындалуда. Жоба жер учаскесін беруге орталықтандырылған өтініш беруді және АЖ арқылы жер учаскесін сауда-саттыққа қою туралы шешім қабылдауды, сондай-ақ өңірлік геоақпараттық жүйелерде жергілікті атқарушы органдардың ішкі бизнес-процестерін оларды біріктіру арқылы автоматтандыруға қойылатын талаптарды көздейді.
Сондай-ақ, Жер кодексіне енгізілген түзетулер жер учаскесін электронды түрде беру тәртібін реттейді.
Құжатта мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылатыны көрсетіледі:
1. мемлекеттік меншіктегі жерді электрондық түрде жер учаскесіне құқық беру;
2. жер учаскесін сату бойынша сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу жолымен жер учаскесіне құқық беру немесе жер учаскесін жалдау құқығын электрондық түрде беру.
Заңның қабылдануымен жер учаскесіне құқық алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар ақпараттық жүйеде орналастырылған жария цифрлық картада қалыптастырылатын сұралып отырған жер учаскесінің схемасын қоса бере отырып, электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.
Сатуға арналған жер учаскесі сауда-саттыққа: оның шекаралары айқындалғаннан кейін; учаскенің нысаналы мақсаты мен оның кадастрлық (бағалау) құны айқындалғаннан соң; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу туралы шешім қабылданғаннан; өңірлік геоақпараттық жүйеде сауда-саттық өткізу және ақпараттық жүйенің жария кадастрлық картасында ақпаратты орналастыру туралы хабарлама жарияланғаннан кейін қойылады.
Заң жобасында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде өткізу кезінде жер комиссиясының қорытындысы талап етілмейтіні көзделген.