ҚТЖ локомотивтік тарту қызметтеріне тарифтерді көтереді
Тарифтердің кезекті өсуі туралы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясы хабарлады. 1 маусымнан бастап локомотивтік тарту қызметтері қымбаттады.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті ішкі және халықаралық (экспорттық-импорттық) тасымалдарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша қызметтердің құнын өзгерту туралы келісімге келді.
Астық жүктерін тасымалдау кезінде локомотивтік тарту пайдаланғаны үшін мөлшерлемелерге мынадай коэффициенттер келісілді: электр тарту - 869,36; жылу тарту – 926,68. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдау кезінде: электр тарту - 660,53; жылу тарту - 704.09.
Индекстеудің барлық коэффициенттері ҚТЖ-ЖТ сайтында жарияланған.
Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап тасымалдауға байланысты қосымша қызметтер үшін алым мөлшерлемелері және жүк вагондары мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемақы өзгеруде, деп ҚТЖ-ЖТ хабарлады.