10 июня 2025
Қазақстан
Қазақстанның 11 өңірінде орташа құрғақшылық болжануда
Қазгидромет маусым айындағы құрғақшылық болжамын нақтылады. Қазақстанның 11 өңірінде орташа құрғақ жағдайлар күтіледі:
- Қостанай облысында – Амангелді, Жангелді аудандарында;
- Ақтөбе облысында – Шалқар , Ыргыз және Ойыл аудандарында;
- Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында, сондай-ақ Атырау мен Құлсары маңында;
- Қарағанды облысында – Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында;
- Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
- Абай облысында – Аягөз ауданында;
- Алматы облысында – Балқаш және Жамбыл аудандарында;
- Жетісу облысында – ішінара Алакөл ауданында;
- Жамбыл облысында – Мойынқұм, Қордай, Т. Рысқұлов, Меркі, Сарысу және Талас аудандарында;
- Түркістан облысында – Созақ, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Шардара, Сарыағаш, Жетісай және Түлкібас аудандарында және Шымкентте;
- Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылордада, сондай-ақ ішінара Арал ауданында.
Сонымен қатар мамыр айында жиналған жауын шашын аясында маусымдық жауын шашын елдің солтүстігіндегі жекелеген аймақтарда қалыпты ылғалды жағдай туғызады:
- Солтүстік Қазақстан облысында – Жамбыл, Тимирязев, Шалақын, Есіл аудандарында және Ғ. Мүсірепов ауданында;
- Қостанай облысында – Ұзынкөл, Қарабалық және Меңдіғар аудандарында;
- Ақмола облысында – Егіндікөл ауданында.
Елдің қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады деп күтілуде, деп Қазгидромет хабарлады.