Алматы облысында 15 және 17 қыркүйекте ауыл шаруашылығы күндері өтеді
Алматы облысында ауыл шаруашылығы күндері өтеді: 15 қыркүйек - Көлді ауылында және «Оңтүстік» агропаркінде, 17 қыркүйек - Қапшағай қаласында, «Зеңгібаба» шаруа қожалығында ұйымдастырылады. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) өкілдігінде хабарланды.
Аталған семинарларды Қазақтың мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырады, «Орталық Азия мен Түркиядағы құрғақшылыққа бейім және тұзды ауыл шаруашылық өндіріс ландшафттарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару (ИСЦАУЗР-2)» атты ФАО-ГЭФ жобасы аясында өткізіледі.
«Мал шаруашылығымен және жем-шөп дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары және шаруашылықтардың өкілдері семинарларда ауыл шаруашылықты сақтау технологияларын және құрғақшылық пен тұзға төзімді мал азықтық дақылдарын өндіруді үйренеді, атап айтқанда оларды далада көрсетіледі», - деп атап өтті ФАО мамандары.
Бұл іс-шараларға ФАО, Мал және жем-шөп институтының өкілдері және басқа серіктестер қатысады.