Кеше
Қазақстан
2025 жылы Түркістан облысында жүгері өңдеу іске қосылады
«Қазқрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы Түркістан облысындағы «Шардара» индустриялық аймағында жүргізілуде. Кәсіпорында жылына 150 мың тонна жүгері өңдеу жоспарлануда, деп өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші кезеңде дәнді дақылдарды сақтау және кептіру бойынша қойма жұмысын бастағаны атап өтілді. Биылғы жылы 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылатын крахмал сірне өндірісі іске қосылады. Кәсіпорын 35 га аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі 35 млрд теңгені құрады.
Әкімдіктің мәліметінше, зауыт крахмал, глютен, жүгері ұнтағы, жүгері мен карамель сірнесі, мальтоза шығаратын болады. Өнім ішкі нарыққа жеткізіліп, Ресей, Қытай, Бельгия, Англияға экспортталады.