09:15 Қазақстан

Азық-түлік корпорациясы басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып Ильдар Исмағұлов тағайындалды. Бұған дейін, 2024 жылдың тамызынан бастап ол Азық-түлік корпорациясының басқарушы директоры-басқарма мүшесі болған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ильдар Исмағұлов қаржы, заңтану және агрономия салаларында білім алып, МВА дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясында, Agro Lab ЖШС жұмыс істеді. Жеке секторда, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығында басшылық қызметтер атқарды.

2023-2024 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Қаржы басқармасы басшысының орынбасары, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.