17:16 Қазақстан

Қазақстан Эстониядағы порт арқылы 145 мың тонна астық экспорттады

Ақмола облысынан Эстония порты арқылы жеті айда Еуропаға 145 мың тонна астық экспортталды. Оның ішінде 110 мың тоннадан астамы Италияға, 28 мың тоннадан астамы Бельгияға, 6,5 мың тоннасы Эстонияға жөнелтілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Эстонияның Muuga портының логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану 2025 жылдың ақпан айында Ақмола облысының әкімдігі мен Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың 10 тамызы аралығында астық экспортының көлемі 9,8 млн тоннаны құрады, бұл 2023-2024 жылдарға қарағанда 55%-ға артық.