14:18
Астық
Қазақстан астық экспортын 11%-ға арттырды
2026 жылдың бес айында астық экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артып, 4,9 млн тоннаға жетті. Экспорттық қатынаста ұнтақтау өнімдерін тасымалдау көлемі 18%-ға өсіп, 1 млн тоннаны құрады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚТЖ желісі бойынша есепті кезеңде 6,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 11%-ға артық.
Жалпы, 2026 жылдың бес айының қорытындысы бойынша жүк тасымалдау көлемі 131 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық. Республика ішіндегі тасымалдар 68 млн тоннаға жетті, ал экспорттық жеткізілімдер 8,2%-ға өсіп, 38,2 млн тоннаны құрады.