13:23 Қазақстан

Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Бағлан Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Отставканың себептері көрсетілмеген.

Бағлан Бекбауов 2021 жылдың қарашасында ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрылымында түрлі лауазымдарда, соның ішінде басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары болды, сондай-ақ бизнес-секторда жұмыс істеді.