15:29 Қазақстан

Қостанай облысындағы шаруашылықтан 11 мың гектарға жуық жайылым қайтарылды

Ауданы 10,9 мың га пайдаланылмайтын жайылым учаскесі Қостанай облысындағы шаруашылықтан алынып, мемлекет меншігіне берілді. Бұл туралы АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді.

Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің тексеруінен кейін мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жайылымдар анықталды. Бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарылды және айыппұл салынды.

«Нұсқама алынғаннан кейін жер учаскесінің меншік құқығы басқа серіктестікке берілді. Алайда бұзушылықтар жойылған жоқ. Осыған байланысты департамент Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына пайдаланылмайтын жайылымдық жер учаскесін мәжбүрлеп қайтару туралы талап арыз берді. Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, ал Қостанай облыстық сотының сот алқасының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды», - деді Теміржанов.

Нәтижесінде жер пайдаланушының ауысуына қарамастан жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылды.