Бөрлі ауданында агробизнес орталығы ашылды
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Пугачево ауылында Batys AgroHub әлеуметтік жобасы аясында құрылған алғашқы агробизнес-орталық ашылды. Орталықта фермерлер шаруашылық жүргізудің заманауи әдістерін үйреніп, жаңа агротехнологиялармен танысып, агрономдардың қызметтерін ала алады және жылыжай өндірісін дамыта алады. Бұл туралы жобаның бастамашысы - Орталық Азияның Еуразия Қоры хабарлады.
Batys AgroHub жобасы КПО Б.В. консорциумының — «Шелл Қазақстан» және «Эни» компанияларының акционерлерінің қолдауымен іске асырылуда. Бүгінгі таңда Batys AgroHub қатысушылары 25 ауыл тұрғыны болды, олар оқудан өтіп, өз жылыжайларын салуға гранттық қолдау алды. Он фермердің алғашқы ағыны маусымды 20 тоннаға жуық жаңа піскен көкөністермен және 10,5 млн теңгеден астам табыспен аяқтады. Қатысушылардың өнімдері аудандық жәрмеңкелерде көрсетіліп, жергілікті тұрғындар арасында сұранысқа ие болды, ал фермерлердің өздері де жаз мезгілінде Алматы облысында тәжірибе алмасу іс-шараларына қатысты.
Бұл жұмыстың жалғасы Агробизнес-орталығының ашылуы болды.
«Пугачевода оқу аудиториялары мен конференц-залы, демонстрациялық учаскелері, өнімді сұрыптауға және қабылдауға арналған үй-жайлары бар алаң, сондай-ақ болашақта сақтау және қайта өңдеу дамитын алаң пайда болды. Орталық өнім ассортиментін кеңейтуге, заманауи аграрлық тәсілдерді енгізуге және аудан шаруашылықтары арасында кооперациялар құруға көмектеседі. Ауылдық аумақ үшін мұндай объект ұзақ мерзімді ресурс болып табылады: мұнда жаңа жұмыс орындары пайда болады, жергілікті өндіріс нығайып, азық-түлікке тұрақтылық артады», - деп атап өтті Орталық Азияның Еуразия Қорында.
Орталық ашылғаннан кейін фермерлер үшін заманауи аробизнес, жылыжай ісіндегі инновациялар, мемлекеттік қолдау шаралары және ауыл кәсіпкерлігін дамытудың практикалық тәжірибесі туралы бірқатар дәрістер мен пікірталастар ұйымдастырылды.