08:05 Қазақстан

Наурыз айында Астанада халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді

AgriTek/FarmTekAstana-2026 жыл сайынғы көктемгі ауыл шаруашылығы көрмесі 10-12 наурыз аралығында 11 елден 300-ден астам компанияның қатысуымен EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Көрмені ұйымдастырушы - TNT EXPO компаниясы.

AgriTek/FarmTek-Astana-да ауыл шаруашылығына арналған өндіріс құралдары мен қызметтер ұсынылады: техника мен жабдықтар, қосалқы бөлшектер, суару технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар, мал азығы, ветеринариялық технологиялар және тағы басқалар.

AgriTek/FarmTek-Astana көрмесі 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы басты оқиғалардың бірі болып табылады. Мұнда нарықтың жаңалықтарымен таныса аласыз, өндіріс құралдарының өзекті бағаларын біле аласыз, жаңа серіктестер таба аласыз, сараптамалық сессияларға қатыса аласыз және жаңа аграрлық маусымға арналған болжамдарды талқылай аласыз. Астанадағы көктемгі көрмеге жыл сайын 5 мыңнан астам фермер мен ауыл шаруашылығының басқа да өкілдері қатысады.

Көрмеге тегін кіру үшін сілтеме бойынша электрондық бейдж алыңыз. Қатысушылардың толық тізімі жақын арада көрме ұйымдастырушысының сайтында қолжетімді болады.