Қазақстанда егінді құрғақшылықтан сақтандыру басталды
2026 жылғы 26 ақпаннан бастап ауыл шаруашылығы тәуекелдерін ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін субсидиялауға өтінімдер қабылдау ашылды. Фермер Kezekte.kz платформасында АӨК-тегі ақпараттық онлайн сақтандыру жүйесінде өтінім бере алады. Бұл туралы Аграрлық несие корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ерікті сақтандыру жүйесі шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірушілері сақтандыра алады:
- құрғақшылықтан жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін,
- көпжылдық екпелерді (алма ағаштары);
- алма өнімін;
- ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара, ұсақ мал, жылқы, шошқа) және құстар.
«Бұл ретте сақтандыру сыйлықақысы құнының 80%-ын мемлекет субсидиялайды, ал тек 20%-ын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өзі төлейді», - деп нақтылады АНК.
Суарылмайтын жерлерге құрғақшылықтан сақтандыру шартын жасасуға сақтандыру компаниясына өтінім беру мерзімдері (2 және 3 фазалар):
- Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, Абай және Ұлытау облыстары үшін: дәнді дақылдар - 2026 жылғы 1 сәуірге дейін, майлы дақылдар - 2026 жылғы 15 сәуірге дейін.
- Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу облыстары үшін: дәнді және майлы дақылдар - 2026 жылғы 27 ақпанға дейін (қоса алғанда).
Көпжылдық екпелер мен алма өнімін сақтандыруға өтінім беру мерзімдері:
- көпжылдық екпелерді (алма ағаштарын) сақтандыру - 2026 жылғы 31 қазанға дейін;
- алма өнімін сақтандыру - 2026 жылдың 1 наурызына дейін.