Қазақстанда 3,2 млн га жайылым жетіспейді
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару және қайта бөлу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанда жайылым тапшылығы 3,2 млн гектарға дейін қысқарды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі жұмыстың нәтижелері Жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында қаралды. Қазақстанда жерді ұтымды пайдалануға, тұрақты жем-шөп қорын қалыптастыруға және жерлердің тозуын болдырмауға бағытталған жайылымдарды басқару жоспарларын өзектендіру және қайта бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйелі шаралар қабылдады: бейіндік заңнама жаңартылды, жайылымдарды ұтымды пайдалану ережелері бекітілді, жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландыру тетіктері кеңейтілді. Сонымен қатар, жеке қосалқы шаруашылықтар үшін жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесі өзекті болып қала береді.
Жалпы, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылдың басынан бері елімізде жалпы ауданы 1 млн гектарға жуық 354 жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін, 500 мың гектарға жуық жерді қамтитын жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 261 ұйғарым берілгенін баяндады.
Бұрын берілген нұсқамалар бойынша 340 мың га алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. Жалпы ауданы 357,5 мың га учаскелерді мәжбүрлеп қайтару туралы істер сот тәртібімен қаралуда. Ағымдағы жылы мемлекеттік меншікке 563 мың га астам ауыл шаруашылығы алқаптары қайтарылды.
Қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына одан әрі тартуға, сондай-ақ халықты жайылымдармен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдың ортасына дейін жерді қайта бөлудің кезеңдік жоспары бекітілді. 20 сәуірдегі жағдай бойынша айналымға 10,8 млн га енгізілді, барлығы 13,5 млн га енгізу жоспарланған.
Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде белгіленген көрсеткіштерден артта қалушылық байқалады. Атап айтқанда, бұл Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Ұлытау облыстарына қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әкімдіктерге қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін 2026 жылғы 1 шілдеге дейін айналымға толық тартуды қамтамасыз етуді, жайылымдарды басқару жоспарларын бекітуді аяқтауды, жайылымдық инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыруды көздеуді, халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ жүйелі бақылауды қамтамасыз етуді және пайдаланылмайтын жерлерді, соның ішінде елді мекендерде де, жүйелі бақылауды және анықтауды жеделдетуді тапсырды.