09:15 Қазақстан

Ақмола облысында 12 мың гектар жерді суару үшін көлтабандарды қайта құру жұмыстары басталды

Ақмола облысында «Алва» көлтабан суару жүйесінің бас құрылысын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Іс-шараларға темірбетон конструкцияларын, көпір өткелін және реттеуші құрылымдарды қалпына келтіру кіреді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, «Алва» көлтабан суару жүйесінің құйма алаңы 12,8 мың гектардан асады. Қайта құру көлтабан суару алаңдарын неғұрлым тиімді толтыруға, Нұра өзен жүйесі кешенінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған.

«Алва» көлтабан суару жүйесі 1959 жылы Нұра өзенінің көктемгі ағынын реттеу үшін салынған. 2018 жылы нысанда бас ғимараттан басқа барлық су өткізу құрылыстарын жөндеу жұмыстары аяқталды. Бетон-қалпына келтіру жұмыстары, жер жұмыстары, сондай-ақ жер бөгеттерін таспен және топырақпен нығайту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үш автоматты төгінділерді салу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан жоба жүйенің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді», — деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.