ҚТЖ басшысы ауысты
«Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттігі жалғыз акционердің шешімі бойынша тоқтатылды. Бұл туралы 8 шілдеде «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Талғат Алдыбергеновтің ҚТЖ басшысы қызметінен кету себептері аталмайды. Ол осы лауазымда бір жыл жұмыс істеді: 2025 жылдың шілдесінен бастап.
Сондай-ақ, ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров екені белгілі болды. Осы уақытқа дейін ол ҚТЖ өндірістік процестері бойынша басқарушы директор болып жұмыс істеді.
Бауыржан Орынбасаров 1970 жылы туған. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Теміржол саласында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы жылдары «Қазтеміртранс» АҚ президентінің м.а.; ҚТЖ ҰК вице-президенті; инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директор, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры; басқарма төрағасының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.