17:16 Қазақстан

Назгүл Хатепова Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Назгүл Хатепова Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Назгүл Хатепова 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 2021 жылға дейін менеджер, сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2021-2022 жылдары АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасын басқарды, 2022-2025 жылдары аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры болды.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін АШМ Егіншілік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.