08:05 Қазақстан

Чехиямен B2B-семинары: заманауи технологиялар және органикалық өндіріс

Астанада 21 қазанда KazAgroFarm-2026 халықаралық агроөнеркәсіптік көрмесі аясында Қазақстан мен Чехияның ашық B2B семинары өтеді. Қатысушылар органикалық ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылап, Еуропаның тәжірибесімен және агробизнеске арналған чех технологиялық шешімдерімен танысады.

Семинарға қатысушылардың алдында Чехия Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Мартин Шебестьян сөз сөйлейді. Чехиядағы органикалық егіншіліктің негізін қалаушылардың бірі, «Органикалық егіншілік энциклопедиясы» кітабының негізгі авторы Йиржи Урбанның қатысуымен өтетін кітап таныстырылымы іс-шараның басты оқиғасы болады.

Саланың дамуына қатысты халықаралық тәжірибені IFOAM Organics Europe өкілі таныстырып, органикалық ауыл шаруашылығының даму үрдістері мен білім алмасудың маңызы туралы баяндайды. Бағдарламаның жеке бөлімі Қазақстан мен Еуропадағы органикалық өндіріске арналады. Qazaqstan Organic Producers Union еліміздің органикалық секторын дамыту тәсілдерін таныстырса, STC органикалық өндірісті бақылау мен сертификаттаудың еуропалық тәжірибесімен бөліседі.

Бұдан кейін Чехияның ауыл шаруашылығы министрі бастаған делегация құрамындағы компаниялар ауыл шаруашылығына арналған технологиялар мен шешімдерді таныстырады. Семинар B2B networking & discussion сессиясымен аяқталады. Оның аясында қатысушылар сұрақтар қойып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылай алады.

Іс-шара Чехияның Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өтеді және фермерлерге, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне, аграрлық бизнес өкілдеріне және заманауи технологиялар мен халықаралық серіктестікке мүдделі мамандарға қызықты болады.

  • Күні: 2026 жылғы 21 қазан, сәрсенбі
  • Уақыты: 14:00
  • Өтетін орны: Астана қаласы, EXPO ХКӨ, № 1 зал, екінші қабат

Қосымша ақпарат: +7 701 515 05 41