ҚР ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға жұмсалған шығындарды өтеу ережелерін жеңілдетеді
Қазақстанда 3 қазанда экспорттаушыларға шығындарды өтеудің оңайлатылған ережелері күшіне енеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сауда министрлігі отандық өңделген тауарларды қолдау, шығындарын өтеудің қолданыстағы ережелеріне бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқандай, өтемақы алу үшін бұдан әрі жол жүру парағын, түрлі анықтамаларды, фотосуреттерді және басқа құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
«Саудагерлер мен дистрибьюторлар, сондай-ақ өңделген тауарларды экспорттайтын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері шығындардың бір бөлігін өтей алады», - деп хабарлады министрлік.
Тақырып бойынша оқу: Қытай мен Өзбекстан астық тиелген поездарды өткізіп үлгере алмауда
Аталған жағдайда сыртқы нарықтағы бөлшек сауда сөрелерін жалдау ақысын төлеуге кеткен шығындар; шетелдік форумдар, байқаулар мен конгресстерге қатысу шығындарының бір бөлігі; жүктерді өз көлігімен тасымалдау шығындары, сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сынама үлгілерін жеткізу барлығы өтелетін болады. Сонымен қатар, экспорттаушыларға шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден және инспекциядан өтіп, шет елдердегі айрықша құқықтар объектілерін пайдалануға (франчайзингке) рұқсат алу рәсімдерімен байланысты шығындардың бір бөлігі өтеледі.
Шығындардың бір бөлігін өтеп алу үшін отандық өндірушінің мәртебесін растайтын құжатты ұсыну керек. Бұл өнеркәсіптік сертификат, сәйкестік туралы декларация, шығу тегі туралы сертификат, ветеринарлық сертификат және т.б.
Сауда министрлігі сонымен қатар стандарттау үшін тауарларды жеткізу шығындарының бір бөлігін өтеу шегі ағымдағы қаржы жылына бөлінген қаражат көлемінің бұрын көрсетілген 1/50 орнына 75 мың АЕК-ке (208,35 млн. теңге) дейін өзгертілгенін атап өтті. Осылайша, кепілдендірілген өтемақының мөлшері бюджетке байланысты болады.
Тақырып бойынша оқу: Ресейлік ритейлерлер қазақстандық халал-өнімдерге қызығушылық танытуда
Кәсіпкерлерден өтінімдер тек электронды түрде web-портал QazIndustry www.export.gov.kz. арқылы қабылданатын болады.
«Шығындарды өтеуге келісім алған компаниялар негізінен көршілес елдерге: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытайға өнімдерін экспорттайды. Сондай-ақ Швейцарияға, Бангладешке, Ирландияға, Бахрейнге жібереді. Сонымен қатар, шығындарды өтеу Африкада, Таяу Шығыста, Оңтүстік-Шығыс Азияда, АҚШ-та және басқа елдерде жаңа нарықтарға шығуды едәуір жеңілдетеді. Мемлекеттік қолдаудың барлық осы шаралары кәсіпорындарға сауда саласында тиімді және бәсекеге қабілетті болуға, сондай-ақ отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға және экспорттан пайда түсіруге мүмкіндік береді. Осылайша, салықтың көбеюі ұлттық экономиканың дамуына, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуына оң серпін береді », - деді Айдар Кәкімжанов, Қазақстандық өнеркәсіп және экспорт QazIndustry орталығы басқарма төрағасының орынбасары.