12 октября 2020 Қазақстан

Қызылорда облысында 9 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері тәркіленді

Қызылорда облысында учаскелері мәжбүрлі түрде үкіметке қайтарылған 24 жер иесі жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілді. Алты жауапсыз жер пайдаланушыдан жалпы ауданы 8 772,08 га болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскелер алынды.

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауданы 6 мың га болатын ең үлкен учаске Жалағаш ауданында «БИС-Групп» компаниясынан алынды.

«Қызылорда-Агросервис» компаниясы Сырдария ауданындағы С.Сейфуллин атындағы ауылда орналасқан 2017 гектар жерінен айырылды.

Жалағаш ауданында «Жарбол» ШҚ - дан 648 га, Шиелі ауданында «Шиелі МТС» ЖШС - дан 88 га, Жалағаш ауданында «Сағым» ШҚ-дан 19 га тәркіленді.

Сонымен қатар, Қызылордада жеке тұлғалардан бағбандыққа бөлінген 0,08 га жер тәркіленді

Жер учаскелерін алып қою туралы шешім 2017 , 2018, 2019 жылдары күшіне енді.

Қазақстан аумағы бойынша үкіметке кері қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер туралы толық ақпаратпен мына жерде танысуға болады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, егер жер екі жыл көлемінде пайдаланылмаса, Жер кодексіне (92 және 94-баптар) сәйкес алып қойылады. Сонымен қатар, АШМ заңнамаға түзетулер әзірледі, оған сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бір жыл ішінде пайдаланылмаған жағдайда кері қайтарылатын болады.