БҰҰДБ қазақстандық органикалық өнім өндірушілерді оқытуға көмектеседі
Қазақстаноюз органикалық өнім өндірушілер одағы фермерлерге онлайн-кеңес бере бастады. Жоба Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады.
Аталған Одақ сарапшылары Facebook парақшасында органикалық өнім өсірумен айналысатын немесе осы салаға кіруді жоспарлап отырған фермерлердің жиі кездесетін сұрақтарына жауап жариялайды.
Мұнда агротехнология саласында да, сертификаттау, сауда, логистика саласында да көптеген мәселелер бар. Бұл сұрақтардың жауабын табуға, оларды түсінуге Қазақстанда жұмыс істеу үшін аккредиттелген Литва мен Украинадағы сертификаттау компанияларының қызметкерлері көмектеседі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Дмитрий Пампур: Қазақстан Еуропаның органикалық нарығына кіруде
Фермерлердің жиі қоятын сауалдары:
- Органикалық шаруашылыққа ауысқанда бұрынғы егісті сақтау міндетті ме?
- Дәстүрлі технологияны, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолданатын көрші шаруашылықтың егістіктеріндегі ластанудан өз егістігіңізді қалай қорғауға болады?
- Өсімдіктеріне химиялық қорғау құралдарын қолданатын дәстүрлі технологиямен жұмыс істейтін кәсіпорыннан сатып алынған тұқымдарды пайдалануға бола ма?