Азық-түлік өнімдері қараша айында 1,3% - ға қымбаттады
Биыл азық-түлік қымбаттап, баға жоғарылауда. Қараша айында тамақ өнімдерінің бағасы 1,3% - ға көтерілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«Нан – тоқаш өнімдері мен жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және жеміс - жидектер, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз және алкогольді ішімдіктер қымбаттады», - деп мәлімдеді бюро.
Статистикалық мәліметтер бойынша,ірімшіктің орташа бағасы қарашада бір килограмм үшін 3060 теңге (2019 жылғы қарашада-2742 теңге), сүзбе-1671 теңге (1592 теңге), қаймақ-1171 теңге (1102 теңге), айран-312 теңге (293 теңге), пастерленген сүт-269 теңге (250 теңге) деңгейінде болды.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да премиум азық –түлік өнімдерді шығару мөлшерін арттыру ұсынылуда
Қараша айында сары майдың орташа бағасы бір килограмм үшін 2 673 теңгені (2019 жылғы қарашада – 2 345 теңге), күнбағыс майы 533 теңгені (434 теңге), жұмыртқа – 337 теңгені (288 теңге), құмшекер-245 теңгені (199 теңге) құрады.
Көкөніс өнімдерінің орташа бағасы қараша айында сәбіз 111 теңге (2019 жылғы қарашада – 102 теңге), картоп- 111 теңге (97 теңге), пияз- 83 теңге (86 теңге), қырыққабат- 86 теңге (105 теңге) болуда.