Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерінің электрондық сауда алаңы іске қосылады
Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі цифрландыру барысында электронды сауда алаңын құру, ауыл шаруашылық өнімдерін қадағалау жүйесін және басқа жобаларды іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Сапархан Омаров Орта Азия ауыл шаруашылығы министрлерінің II кеңесінде айтты.
«Қазақстандағы цифрландыру жұмыстары ұлттық экономиканы әртараптандырудың, оны шикізат күйінен өнеркәсіптік модельге көшірудің негізгі жолы ретінде қарастырылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлер үшін цифрландыруды енгізуде және оның қызметін жеңілдетуде», - деді С.Омаров.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, министрлік мемлекеттік басқару, реттеу және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін барынша автоматтандыруға тырысуда. Атап айтқанда, ауыл шаруашылық субсидиялаудың барлық 16 бағытындағы процестерді автоматтандыру жүзеге асырылды, астықты сатудың онлайн-платформасы іске қосылды, егу мерзімін анықтау, топырақтағы өнімге қажетті ылғалдың қорлары туралы ақпарат беру, жерді қашықтықтан зондтау жүйесін іске қосу және т.с.с. функциясы бар Қазгидромет орталықтың қосымшасы іске қосылды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық өнімдерін бақылау жүйесі енгізілуде, ол азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттың / импорттың ашық түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар нарықты контрафактілік тауарлардан қорғау үшін ауыл шаруашылық өнімдерін таңбалауға мүмкіндік береді. Жақын уақытта ауыл шаруашылық өнімдерінің электрондық сауда алаңын іске қосу жоспарлануда, бұл жауапсыз делдалдарды ығыстырып, тікелей сату көлемін 20% -ға дейін жеткізеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ фермерлердің цифрлы технологияны пайдаланудағы тиімділігін санады
«Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге жаңа технологияларды енгізуге, ақылды смарт құралдарды сатып алуға және басқа да жабдықтарды қолдануға шақыруда. Мал шаруашылығында ақылды жүйелерді қолдану сүт өнімділігі мен төлдердің өнімділігін 20% -ға арттырды, өсімдік шаруашылығында жаңа технологиялардың арқасында тәжірибелік алаңдарда 30% -ға дейін көп өнім алуға мүмкіндік туды, ал фермердің шығындары 20% -ға төмендеді», - деді С.Омаров.
Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлердің цифрлық жабдықтар мен жоғары технологиялық ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуларына субсидиялар енгізді, фермерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру және мамандарды даярлауда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
«Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқарудың цифрландырудың қазіргі деңгейі ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізудің келешегі жақсы болады. Сонымен қатар, Қазақстан бұл процеске халықаралық деңгейдегі жетістіктерге жеткен үздік мамандаоды шақыруға дайын.Тәжірибе алмасу бір-бірімізден үйренуге және оны игеруге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады Сапархан Омаров.