Қазақстанда YouTube-арнасында AgroProcess атты жаңа бағдарлама жарық көрді
Қазақстанда YouTube-арнасында AgroProcess бағдарламасының BaiBolsyn атты алғашқы шығарылымы жарық көрді. Бұл жобада фермерлердің егіншілік саласы мен мал шаруашылығындағы тәжірибесі жайлы, тиімді агротехнологиялар туралы баяндайтын болады, сонымен қатар техника, тұқым, тыңайтқыштар туралы және агробизнесті жүргізуде табыс әкелетін көптеген өзекті ақпарат айтылады.
AgroProcess бағдарламасы эфирге екі аптада бір рет шығады. Бағдарлама жұмысы аясында фермерлер мен ғалымдардың практикалық тәжірибесі сала еңбеккерлері үшін көмекші болады.
Бағдарламаның алғашқы шығарылымы «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығындағы жем-шөп өсіруге арналды. Шаруашылық Ақмола облысында орналасқан және ешкі сүтінен өнім жасаумен айналысады. Хабарға спикер ретінде PhD философия докторы, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың аға оқытушысы Әділбек Ноғаев келіп, ойымен бөлісті. Ол жоңышқа мен қызылот өсірудің тәсілдерін айтты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасымен, тыңайтқыштармен жұмыс істеу жөнінде, қаражатты қалай есептеу және «егін шаруашылығын бағдарламалауды» жүргізу жөніндегі практикалық кеңестерімен бөлісті.
Бағдарламаның авторы - журналист, редактор, продюсер М. В. Ломоносов атындағы ММУ түлегі Алуа Барманқұлова. Аграрлық тақырыптағы телевизиялық жоба жасауда үлкен тәжірибесі бар: «Хабар жер», «Продвопрос», AgroQazaqstan, Agro.kz.