20 января 2021 Қазақстан

ҚазАТУ ғалымдары құс фабрикасынан шыққан қалдықтардан тыңайтқыштар шығарады

Ақмола облысында орналасқан «Ақмола-Феникс» АҚ құс фабрикасының аумағында қазақстандық ғалымдар құс саңғырығын өңдеп, биологиялық өнімді қолдана отырып, органикалық тыңайтқыштар жасай бастады. Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған өнімді ҚазАТУ-дың топырақтану және агрохимия кафедрасындағы биология ғылымдарының докторлары және профессоры Айнаш Науанова бастаған ғалымдар тобы жасады.  Жобаны коммерциализациялау үшін Дүниежүзілік банктен грант алынып, «BIO-KATU» ЖШС атты стартап-компания құрылды. Қазіргі уақытта ғалымдардың жұмысы өндіріске енгізіліп жатыр.

«Ақмола-Феникс» АҚ құс фабрикасының аумағында 4,8 га қоқыс полигоны салынды, онда құс саңғырығы Германияда шығарылған BACKHUS A36 құрылғысына Agro-Mix, Compo-MIX және Agrarka биологиялық өнімдері қосылып өңделеді», - деп хабарлады ҚазАТУ-ғалымдары.

Аталған полигон арнайы ауыл шаруашылық және өндірістік жабдықтармен жабдықталған. Мұнда органикалық тыңайтқыштарды арнайы қораптарға салады, содан кейін тауар сатуға дайын болады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Агротехнология  көмегімен әр гектардан қалай $500 қаржы табуға  болады

Тыңайтқыштарды алумен қатар, құс пен мал қиын кәдеге жарату мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жағдай, технологиялық желі Agro-MIX, Compo-MIX және Agrarka белгісі  бойынша айына 5 000 литрге дейін сұйық биологиялық өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Ақмола облысындағы «КАЗГЕР-ҚҰС» құс фабрикасында және Ақтөбе облысындағы ADMIinvestment-те құс көңін органикалық тыңайтқышқа айналдыру технологиясы енгізілді.