Жамбыл облысының аграршыларына пайды тиімді пайдалану үшін 230,1 млн теңге бөлінді
Халықтың табысын ұлғайтуға бағытталған пилоттық жоба ретінде 71,7 мың гектар пай бойынша жер тиімді пайдалану үшін Жамбыл облысының тұрғындарына 230,1 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, бұл аграршыларға өсімдіктерді қорғауға қажетті тұқымдарды, тыңайтқыштарды және химиялық құралдарды сатып алуға мүмкіндік береді. Осылайша көктемгі егіс жұмыстарына олар толық дайын болды.
Сонымен қатар, шаруашылықтарда жалпы көлемі 2,125 га құрайтын 138,1 млн теңгенің 16 жылыжай құрылысы басталғандығы хабарланды.
Халықтың табысын арттыру бойынша осы аталған жобаны орындау барысында жалпы 7,2 млрд.теңгеге ауыл тұрғындарының 2 459 өтінімі қаржыландырылды. Жоба облыстың 10 ауданындағы 7886 шаруаны қамтыды.