23 марта 2020 Қазақстан

Қазақстан фермерлері жылына $1 млрд қосымша табыс таба алады

ҚР-дағы  аграрлық салада жұмыс істеушілерге   органикалық өнімдерді сертификаттау тек дәнді дақылдардың өзінен  жылына $1 млрд-қа жуық табыс табуға мүмкіндік береді деп жазады БОСС-Агро.  Бұған ҚР АШМ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰА ҒБО) мен CERES GmbH неміс компаниясы арасындағы ынтымақтастық  ықпал ететін болады.

19 наурызда өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Тараптар CERES өкілдері мүмкіндік болған жағдайда  Қазақстанға келіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қояды. Сонымен қатар, ҰА ҒБО және CERES қатысуымен қазақстандық органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрылатын болады. Сондай-ақ, БК қазақстандық ауыл шаруашылығын өөдірушілерге жан-жақты қолдау көрсетеді деп күтілуде. Неміс елінің өтініші бойынша бірлескен кәсіпорын ҰА ҒБО-мен бір кеңседе орналасатын болады.

Айта кету керек, қазіргі кезде  халықаралық нарықта - қазақстандық агроэкспорттың басты өнімі астықтың бағасы — шамамен $280/теңгені құрайды.  Мамандардың бағалауы бойынша, қазақстандық аграршылар оның $150 алады, ал қалған $130-Ресей аумағы арқылы, теңіз арқылы тасымалдау шығындары болып табылады.

Органикалық өнім ретіндегі сертификатталған дәнді дақылдар шамамен $ 400 тұратын болады. Яғни, жалпы алғанда, егер өнім сертификатталған болса, қазақстандық фермерлердің тек астық өнімдерінен табатын  қосымша табысы жылына шамамен $1 млрд долларды құрауы мүмкін.

Анықтама. CERES GmbH компаниясы органикалық өнімдерді сертификаттауды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы, азық-түлік және органикалық тоқыма саласындағы халықаралық сертификаттаушы орган болып табылады. ЕО, АҚШ, Жапония және Қытай аумағында тіркелген, осы елдердің ұлттық заңдары мен стандарттарына сәйкес сертификаттауды жүзеге асыруға құқығы бар.

Сертификаттау жұмысы GLOBALGAP атты ауыл шаруашылығы тәжірибелері стандарты бойынша жүргізіледі. Бұл сертификат бүкіл әлемде мойындалған және ауыл шаруашылығы тәжірибесі бойынша жаһандық серіктестік болып табылады.