Шин-Лайн компаниясы Алматы облысында құны 33,4 млрд теңгені құрайтын зауыт ашады
Шин-Лайн компаниясы Алматы облысының Іле ауданында жылдық қуаты 22 мың тонна балмұздақ және тамақ өнімдерін шығаратын зауытты іске қосады. Аталған жобаға 33,4 млрд теңге инвестиция салынады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Облыс әкімі Амандық Баталов компания басшылығымен өндірісті іске қосу туралы меморандумға қол қойды. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда зауытта қондырғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр.
Компания президенті Андрей Шиннің хабарлауынша, жаңа өндірістік кешенде ТМД, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі инновациялық балмұздақ жасайтын ең ірі зауыт ашылады, сонымен қатар мұнда әртүрлі тамақ өнімдерін шығаратын болады. 2021 жылдың мамыр айына дейін зауыт құрылысы аяқталады, онда жылына 21 500 тонна өнім шығарылатын болады. 2024 жылға қарай компания тәулігіне 350 тонна өнім шығара бастайды деп жоспарланып отыр.
Тақырыпқа байланысты оқу: Сүт шығарушылар ет өндірушілермен қалай келісуде
Аталған зауытта балмұздақ, сүт өнімдерін, мұздатылған жартылай фабрикаттар, қамыр, кеспенің әр түрлі түрлері шығарылатын болады, сонымен қатар кондитер өндірісі ұйымдастырылады. Кәсіпорында Дания мен Германияның заманауи жабдықтары қойылған. Бұл зауытта қазақстандық нарықта әлі жоқ балмұздақтың түрлерін жасау жоспарланған. Яғни заманауи жабдықтар, инновациялар көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Мысалы қолданыстағы зауыт сағатына 36 мың дана эскимо шығарады. Ал қазір балмұздақтың бір ғана сегментінде компания ішкі нарықтың 35% құрайтын өнімді өндіреді.
Келген шикізат пен дайын өнімнің сапасына көп көңіл бөлінеді. 2020 жылдың соңына қарай «Шин-Лайн» балмұздағы Беларуссияның жалпы импортының жартысынан астамын иеленді, қырғыз балмұздақ нарығындағы компанияның үлесі қазірдің өзінде 50% -дан асты, компания өнімдері Әзірбайжан, Ресей, Моңғолия және Қытай елдерінде танымал. Жақын уақытта аталған кәсіпорын жаңа нарықтарға шығуды, атап айтқанда, украин нарығына баруды жоспарлап отыр.
«Балмұздақ өндіруге маусымдық жағдай әсер ететіндіктен, жаңа зауыт сүт, тез дайындалатын кеспе және жартылай фабрикаттар өндірісін шығаратын болады, себебі бұл өнімдерге маусымдық кезеңдер әсер етпейді», - деді Андрей Шин.
Тақырыпқа байланысты оқу: Алматы облысында құны $40 млн болатын сүт фермасы ашылады
Компания өкілдері сүт фермасын ашу жоспары жайлы айтты. Бірінші кезеңде 600 сиыр, содан кейін тағы 1 200 сиыр сатып алынады. Осылайша олар кәсіпорынды өздерінің жоғары сапалы шикізатымен қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге, жемшөп базасын салуда және зауытқа электр және кәріз желілерін тартуда компанияға қолдау қажет.
Өз тарапынан Амандық Баталов компанияға «Бизнестің жол картасы» аясында қолдау көрсетуге уәде берді. Сондай-ақ, облыс әкімі сүт фермасын ашуға қолдау көрсету және жем-шөп базасын құру үшін орын бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.
«Мемлекеттік қолдау мен жасалып жатқан іс-шаралардың арқасында біздің облыста инвестициялық ахуал өте қолайлы, кәсіпкерлерге қажетті қолдау көрсетіледі. Біз сіздердің өтініштеріңізді шешуге көмектесеміз. Сондай-ақ «Қорғас - Шығыс қақпасы» аумағында логистикалық орталық немесе өнім сақтайтын қойма ашуға көмектесе аламыз. Сіздің кәсіпорында ең заманауи жабдықтар бар, әртүрлі инновациялар қолданылады, соның арқасында зауыт іске қосылғаннан кейін жаңа заманауи өндірісті қалай ұйымдастыруға болатынын нақты көрсету мүмкін болады. Маған сіздің аумақты абаттандыру және көгалдандырумен айналысатындықтарыңыз өте ұнайды. Алдағы болашақта сүт фермасының ашылуымен толықтай үздіксіз өндірістік цикл құрылады. Шикізат өндіруден бастап, дайын өнімдерге дейін әр түрлі елдерге экспортталатын болады», - деп түйіндеді сөзін А.Баталов.