Қарағанды облысында 2020 жылы ауыл шаруашылығына арналған алқаптарды 50 мың гектарға дейін кеңейтеді
2020 жылы Қарағанды облысында астық дақылдарын, көкөніс пен жем-шөпті 1 млн га жерге отырғызу жоспарланған. Бұл былтырғы 2019 жылмен салыстырғанда 50 мың га жерге артық болып саналады, деп хабарлады «Казинформ»ХАА .
Биылғы көктемде дәнді және бұршақты дақылдар көп егіледі. Олар 895,5 мың га жерге себілетін болады.
Картоп 10,6 мың га жерге отырғызылады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 300 га артық.
«Тұқымды алдын ала тексеріп, талдауда сапасы жақсы екендігі анықталды. Сараптамаға 86 мың т түсті», - деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апакашев.
Егіс алқаптары дәнді дақыл зиянкестері мен ауруларына қарсы арнайы ерітінділермен өңделетін болады. Оған республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.
2020 жылы аймақта тың және суармалы жерлердің көлемін ұлғайту жоспарланған. Егін шаруашылығының түрлерін өсіруді дамыту жалғасатын болады.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 10 мыңнан астам трактор, 193 егіс кешені және 6 мыңнан астам тұқым сепкіш қатысатын болады.