2021 жылы егістікке қандай мемлекеттік қолдау жасалады?
Ағымдағы жылы Қазақстанда ауыл шаруашылық дақылдары егілетін алқаптардың көлемін 186,6 мың гектарға үлкейтіп, оны 22,8 миллион гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үкімет отырысында аграршыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы айтты.
АШМ мәліметтері бойынша, 2021 жылы тұқым шаруашылығын қолдауға 11,8 млрд теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі таңда 2,4 млн тонна тұқым жинастырылды, бұл жоспарланғаннан 0,2%-ға артық.
Облыстарда жергілікті бюджеттерден тыңайтқыштар сатып алуды субсидиялауға 26,1 млрд теңге қарастырылған. Әкімдіктердің ақпараты бойынша, республиканың аграршыларына көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін 117,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізілді.
«Қазіргі таңда субсидия алу үшін Алматы, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында өтініштер қабылдануда. Жақын арада Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында өтініштер қабылдау басталады. Республиканың өзге аймақтарда субсидия берілетін тауарлардың тізімдері мен мөлшерін бекіту жұмыстары аяқталуда», - деді Сапархан Омаров.
Тақырыпқа байланысты оқу: Мамин фермерлерге субсидия бөлуді жеделдетуді тапсырды
Сонымен қатар, министрдің хабарлауынша, облыстардың жергілікті бюджеттерінде пестицидтерді субсидиялауға 30,6 млрд теңге қарастырылған, бұл фитосанитарлық ортаны қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, елде жеңілдетілген несиелер беру шаралары жалғасуда. «ҚазАгроҚаржы» АҚ мәліметтері бойынша, жыл басынан бері 24 млрдтеңгеге 1112 бірлік техника сатып алу қаржыландырылды, оның ішінде 458 трактор, 28 комбайн және 626 бірлік басқа техника. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық техникаларының көктемгі егіске дайындығы 97%-ды құрайды. Егін егу жұмыстары жоспа бойынша жүргізілуде.
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау шараларын жүзеге асыру үшін Аграрлық несие корпорациясына көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде несие бөлінді. Бүгінгі күні Кеңдала бағдарламасы бойынша 1 326 ауыл шаруашылық өнімі 48,6 млрд.теңге көлемінде қаржыландырылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық саласын қаржылай қолдау қоры да көктемгі егіс жұмыстарына қаржы бөлетіндігін ескеру қажет, несие көлемі 6 млн теңгеден аспайды», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Азық-түлік корпорациясы биыл ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алуды екі есеге - 45,6 млрд теңгеге дейін арттырады. Бүгінгі күні 74,3 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 14,3 млрдтеңге көлемінде қаржыландырылды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Азық түлік корпорациясы күнбағыс, қарақұмық және соя сатып ала бастайды
«Биыл форвардтық сатып алу тізімі 4 дақылдан 9 дақылға дейін көбейтілгенін атап өткен жөн. Бидай және арпамен қатар, қарақұмық, күнбағыс және басқа да майлы дақылдарды алуға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіруге және жем-шөп базасын нығайтуға жұмсалады. Осыған байланысты біз облыстық әкімдіктерден өтініштерді қарау кезінде әлеуметтік маңызы бар дақылдардың көлемін аймақтың сұранысына қарай бөлінуін ескеруді сұраймыз», - деді Сапархан Омаров.